Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылуында сөз сөйлейді

Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирін ашады.

 Ақорда 29 Шілде 2026, 11:05
29 Шілде 2026, 11:05
242
Фото: Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды. Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысады, - делінген Ақорда хабарламасында. 

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Дүбірлі додаға 50-ден астам ұлттың 800-ден астам спортшысы қатысады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада 29 шілде күні «Болашақ ойындары-2026» халықаралық фиджитал-турнирі басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов Астананың спорттық және қалалық инфрақұрылымын үшінші халықаралық мультиспорттық турнирді өткізуге дайындау барысымен танысты.

Сондай-ақ, Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында елордаға келген Халықаралық киберспорт федерациясының президенті Влад Маринескуді Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.

Наверх