Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия форумына қатысуға барды

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралардың анонсын жариялады.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 13:07
Бүгiн 2026, 13:07
187
Фото: видеодан скриншот

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.

Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу. 

 

Наверх