Қаскөй теміртаулық тұрғыннан 2 млн теңге бопсалаған

17 Тамыз 2023, 09:05
662
Бөлісу:
Қаскөй теміртаулық тұрғыннан 2 млн теңге бопсалаған
Фото: BAQ.KZ - архив

Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол белгілі бір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады. 

Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады. 

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді. Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына "Бопсалау" сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы