«Қасіретті қаңтар». Тарих өз бағасын береді – саясаттанушы

26 Қаңтар 2022, 16:49
1928
Бөлісу:
«Қасіретті қаңтар». Тарих өз бағасын береді – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов «Трагический январь. Как это было» деректі фильмі туралы ой бөлісті. 

Бүгін жыл басында болған «Қасіретті қаңтар» туралы деректі фильмді көріп отырмыз. Бұл жерде атап өтетін басты екі жағдай бар. Біріншіден, 20 күндей уақыттан кейін осы оқиғаның бағасын бермес бұрын біз оның нақты хронологиясын білуміз керек. Бұл оқиға қалай басталды? Неден басталды? Салдары неге алып келді? Бұл орайда оқиға тізбегі жақсы көрсетілген, - деді сарапшы. 

Саясаткердің сөзінше, жаппай тәртіпсіздіктер тек террорлық әрекеттерден тұрған жоқ. Мұндай туындыда бейбіт шерушілерді де елеп ескеру керек. 

Деректі фильмдердегі басты мақсаты - болған оқиғаны шынайы көрсету. Болған жайттен сабақ алуымыз қажет. Әрине, оқиғаға тарих әлі бағасын берер. Біз бір ай өткен оқиғаға нақты баға бердік деп талпынбаумыз керек. Бастысы мұндай оқиғаны енді  қайталамауды ойлаған жөн, -деді Қазбек Майгелдинов. 

Сондай-ақ Майгельдинов бейбіт шерудің бірден бұзақылыққа ұласуы бұл арандатушылардың ісі екенін айтты. 

Жаппай лаңкестік - арнайы ұйымдасқан қылмыстық топтардың және де террористік ұйымдардың іс-әрекеті екені анық көрінеді. Қазір тұрғындар екі ойлы. Бейбіт шерушілердің неге қамап жатыр? Оларды шығару керек деп наз білдіруде. Айтпағым, бейбіт шерушілер полиция көлігін өртемейді. Бейбіт халық қолындағы қаруын өзегеге кеземейді. Сондықтан да бұл жерде нақты ажырата білуміз қажет, -деді саясаттанушы. 

Еске салайық, бүгін елордада қаңтар қасіретіне арналған «Трагический январь. Как это было» деректі фильмі жарық көрді. 

Өзгелердің жаңалығы