«Қасіретті қаңтар». 1,7 мыңнан астам сот сараптамасы тағайындалды

7 Ақпан 2022, 19:17
1317
Бөлісу:
«Қасіретті қаңтар». 1,7 мыңнан астам сот сараптамасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ішкі істер органдарының тергеушілері арнайы прокурорлармен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау, қылмыс іздерін алу және бекіту, сондай-ақ қажетті дәлелдемелер базасын жинау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.Бұл жұмысқа барлығы 200-ден астам тергеуші тартылған, - деді Әділов. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық зақымданған нысандарды тексеру аяқталды, олардың саны бір жарым мыңнан астам және 760-тан астам автокөлік.

1,7 мыңнан астам сот сараптамасы тағайындалды.Куәлар мен жәбірленушілер ретінде 10,5  мың адам жауап алынды. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қылмыскерлер мен жасыру орындарынан 828 бірлік қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі және 286 арнайы құрал тәркіленді. Сонымен қатар, 65 дана қару ерікті түрде тапсырылды, - деді Санжар Әділов. 

 

Өзгелердің жаңалығы