Қаржы пирамидасынан түскен табысты банктегі депозитте сақтаған

19 Тамыз 2022, 11:52
821
Бөлісу:
Қаржы пирамидасынан түскен табысты банктегі депозитте сақтаған

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салымшыларды тарту схемасы жалған саяхатшының картасы шотына 2000 АҚШ долларын салуды және оның орнына 6900 АҚШ долларын алуды көздеген. 

Бұл ақша шетелдік қонақүйлердегі қызмет құнының 80% төлеуге жұмсалуы туралы жағлан ақпарат тараған. 

Ақша болмаса, 5 смарт-сағат сатып алуға онлайн несие беру ұсынылды. 

Салымшылар смарт сағатты алмаған, орнына «Qnet Mobile» қосымшасындағы жалған шотқа «Экардтар» түсіп отырған. Оларды жолаушы картасын сатып алғанда пайдалануға болады. Ұйымдастырушылар 8,5 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық кірістің бір бөлігін қазақстандық банктердің біріндегі депозиттік шоттарға салып, депозит бойынша сыйақы түрінде қосымша табыс алған, - делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы