Қаржы пирамидасын құрды деген ерлі-зайыпты ұсталды

1 Ақпан 2022, 11:30
1321
Бөлісу:
Қаржы пирамидасын құрды деген ерлі-зайыпты ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құрды деп іздеу салынған ерлі-зайыпты жұпты ұстағандарын мәлімдеді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е.Кизбаев пен Ж.Өмірбаеваны ұстады. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және елдің басқа өңірлерінде «Елімай 2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді, тергеу жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Осыған байланысты Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 11а мекен-жайы бойынша немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрайды.
 

Өзгелердің жаңалығы