Қаржы пирамидалары. Былтыр 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

7 Ақпан 2022, 11:31
1711
Бөлісу:
Қаржы пирамидалары. Былтыр 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ІІМ-нің дістүрлі брифингінде айтты. 

2021 жылы сотқа 213 қылмыстық іс жолданса, 2020 жылы 149 іс бағытталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, сайттарды бұғаттау, ұйымдастырушыларды, филиалдарды, құрылымдық бөлімшелерді құруда 180-нен астам қаржылық инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылды, - деді Санжар Әділов. 

Ол атап өткендей, қылмыстық жауапкершілікке 126 адам тартылды, оның 38-і сотталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам қаражатты, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тәркілеген. Мәселен, өткен жылы Ішкі істер департаменті «Gold Company LTD» қаржы пирамидасына қатысты істі аяқтады. Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған қылмыстық топ 9 млрд теңге қаржы жасаған. Интернеттегі жалған инвестициялық жобалардан азаматтарымызға жоғары пайданы уәде етіп отыр.Қылмыскерлердің қылмыстық әрекеттері 4 мыңнан астам азаматқа зиян келтірген. Қазір іс сотта қаралып жатыр, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы