Қаржы мониторингі органдары Павлодар облысында заңсыз майнинг қызметін анықтады

18 Ақпан 2022, 19:21
1783
Бөлісу:
Қаржы мониторингі органдары Павлодар облысында заңсыз майнинг қызметін анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының майнингтік фермаларды анықтауға қатысты тапсырмасын орындау барысында Павлодар облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті тиісті лицензиясыз электр энергиясын сатудан көрінетін заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін ашты, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Агенттік Павлодар облысында Екібастұз ГРЭС-1 аумағында орналасқан майнингтік дата-орталықтардың үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында пайдаланылатын электр энергиясын заңсыз тұтыну мен сатуды ұйымдастырғанын анықтады. 

Бұл ретте электр энергиясы екі кәсіпорынның атына жеке ЖШС арқылы келіп түсті.

Сонымен қатар, ЖШС электр энергиясын өткізуге лицензиясы жоқ, өйткені «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Табиғи монополияларды реттеу комитетінен алынған лицензия болуы міндетті.

Өз кезегінде, бұл ЖШС электр энергияны өндіруші ұйым болып табылатын ЕГРЭС-1-ден өндірістік қажеттіліктер үшін сатып алған.

Алдын ала жасалған акт-қорытындыға сәйкес белгіленген табыс сомасы 805 миллион теңгені құрады.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы