Қаржы министрі бюджет тапшылығын қалай алдын алатынын айтты

19 Қаңтар 2023, 18:37
903
Бөлісу:
Қаржы министрі бюджет тапшылығын қалай алдын алатынын айтты

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде бюджет тапшылығын қалай азайтатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Биыл бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы өткен жылмен салыстырғанда 3,3 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл мемлекеттік қарыздың шамадан тыс өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Өйткені тапшылықты қаржыландыру негізінен ішкі нарықта жоспарланады, - деді министр.

Министр ішкі өтімділік жетіспеген жағдайда халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тарту және сыртқы нарықтарға облигациялар шығару сияқты құралдар қолдану тәжірибесі бар екенін еске салды.

Мемлекеттік бағалы енгізу, сондай-ақ Қазақстанның қор нарығына Euroclear клиринг палатасын тарту жұмысы жалғасады. Бұл бюджет тапшылығын қаржыландыруға қосымша өтімділік береді, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы