"Қарызды еңбекті" қолдану заңмен реттеледі

23 Желтоқсан 2019, 18:18
2309
Бөлісу:
"Қарызды еңбекті" қолдану заңмен реттеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қарызды еңбек бойынша жалдамалы жұмысшыны жалдауға тыйым салынуы мүмкін. Кәсіподақтар федерациясы осындай ұсынысты ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты әзірлеген заң жобасына енгізген. Бұл туралы Кәсіптік одақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов мәлімдеді. 

Барлық деңгейдегі кәсіподақтарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе – қарызды еңбекті қолдану. Бұл көп жағдайда мұнай сервистік компанияларында орын алады. Атап өткеніміздей, негізгі мәселе елімізде қарызды еңбектің заңнама тұрғысында реттелмеуі болып табылады. Бұл, өз кезегінде, қарызды еңбекпен айналысатын жұмысшылардың еңбек құқықтарының қорғалмауына алып келеді, - деді Федерация төрағасы. 

Осыған байланысты зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында қарызды еңбекті қолдануға, тұрақты жұмысты атқару үшін қарызды еңбек бойынша жалдамалы жұмысшыны жалдауға тыйым салуды ұсынады.

Бұл ұсыныстар Мәжілістің бір топ депутаты әзірлеген заң жобасында көрініс тапты.

Сонымен қатар, бүгінде кәсіподақтардың бастамасымен барлық өңірде "Қауіпсіз еңбек" жергілікті бағдарламасы жүзеге асырылуда.  

Спикердің айтуынша, ұжымдық шарт жұмысшылар үшін бірқатар әлеуметтік кепілді қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. 

2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін республика бойынша 115 991 ұжымдық шарт бекітілген, еліміз бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы санынан алғанда қамтылу деңгейі - 41,2%. Олардың ішінде кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейтін кәсіпорындарда қамтылу деңгейі 98%-ды құрайды, яғни 17 мыңнан аса ұжымдық шарт бекітілген, - деді ол.
Бұған дейін, Ералы Тоғжанов биыл 148 азамат өндірістік жарақат салдарынан қаза тапқанын айтты. Сонымен қатар, еңбек дауына қатысты оқиғалар саны артқанын да мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы