Қарыз бен арыз: Банкротпын дегендердің банкте депозиті бар

22 Тамыз 2023, 03:20
567
Бөлісу:
Қарыз бен арыз: Банкротпын дегендердің банкте депозиті бар
Фото: baq.kz

Өзін банкротпын деп жариялап, қарызын кешіруді сұраған азаматтардың 80 пайызының өтініші қабылданбады, деп хабарлайды BAQ.KZ Кірістер комитетінің мәліметіне сүйеніп.

Наурыз айынан бері өзін банкрот деп жариялауды сұраған 51 мыңнан астам ел азаматының өтініші қабылданбады. Кірістер комитеті әрбір кері қайтарылған құжатқа нақты себеп бар деп отыр. «Несие төлеуге мүмкіндігім жоқ» деген кейбір борышкерлердің депозитте жиғаны бар болып шыққан.0%

Кейбір азаматтардың атында ЖШС бар екендігі, сонымен қатар кәсіпкерлігі бар екендігі анықталды. Сонымен қатар бағалы қағаздары, депозиттері бар екендігі анықталды. Кейбір азаматтар мен бұл несиемді төлемегеніме 12 айдан асып кетті деп айтады. Бірақ белгілі бір себеппен оның несие төлемін біреу жасап отырғаны анықталады. Әрине, бұл мәселені азамат өзі көтеріп, әрі қарай банкке хабарласып шотына кімнің несие өтегенін анықтай алады, – дейді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Айнұр Сартаева.

Азаматтың атындағы кредит жартылай өтелсе де, банкроттыққа ілігу мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік жағдайды банкке барып, алдын ала ескерту қажет дейді мамандар. Осындай сан түрлі себептің салдарынан алты айдың ішінде 63 мыңға жуық азаматтың 80 пайызының өтініші кері қайтарылған. Дегенмен, олар жіберілген қателікті түзеп үш айдан кейін қайтадан банкроттыққа өтінім беруге құқы бар.

Айта кетейік, осы күнге дейін банкрот деп танылған 10 мың адамның жартысы соңғы 5 жылдан бері несиесін жаба алмай жүргендер екен.

Өзгелердің жаңалығы