Қарулы күштердің спортшылары қазақ күресінде жеңіске жетті

10 Қыркүйек 2023, 12:25
716
Бөлісу:
Қарулы күштердің спортшылары қазақ күресінде жеңіске жетті
Фото: gov.kz

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде асық ату, жамбы ату, аударыспақ, бәйге, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тағы басқа он бір ұлттық спорт түрінен VI фестиваль өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақ күресіне Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жеті өкілі қатысты.

100 келі салмақта финалдық жекпе-жекте Қарулы күштердің қызметшісі Тоқтарбек Айдарбек алтын олжалады, оған есе жіберген өзінің клубтасы ефрейтор Айбек Ізтілеуов күміс алды.

Ал 100 келіден жоғары салмақта аға лейтенант Марат Байкамуров жеңіске жетіп, алтын иеленді. Осы салмақта шыққан Қарулы күштердің қызметкері Бейбарыс Әбдіғани қола жүлде еншіледі.

60 және 90 келі салмақ дәрежелерінде Қарулы күштердің қызметкерлері Бекжан Төлепов пен Ерсұлтан Мұзаппаровтың еншілерінде қола жүлделер.

17 облыс пен жеті қаладан 1300 спортшы қатысып жатқан жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерін нәтижелі дамытып жүрген үш өңір айқындалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы