Қарқаралы мен Бұқар жырау аудандары жарықсыз қалды

8 Маусым 2023, 16:42
935
Бөлісу:
Қарқаралы мен Бұқар жырау аудандары жарықсыз қалды

Бүгін электр желісіндегі апат салдарынан Қарқаралы мен Бұқар жырау аудандарының тұрғындары электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өтіп бара жатқан кен тасушы көліктің электр сымын үзіп кетуіне байланысты бірнеше елді мекен электр қуантынсыз отыр.

Қарқаралы және Бұқар жырау аймақтарында 08 маусым күні 110 кВ МАЭС-2 – Қарағайлы-1,2 желісінің зақымдануына өтіп бара жатқан кен тасушы көліктің сымды үзіп кетуі себеп болған. Апат салдарынан Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарының тұрғындары жарықсыз қалды. «Қарағанды Жарық» ЖШС жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы