Қармет шахтасында кенші қаза тапты

12 Наурыз 2024, 12:48
1485
Бөлісу:
Қармет шахтасында кенші қаза тапты
Фото: BAQ.KZ

Наурыздың 12-сі күні түнде Қарметке қарасты «Саран» шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Саран» шахтасында монтаждау жұмысында арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы қаза тапты.

Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды. Ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен, - деді компанияның баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Қармет оқиғасын тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр.Бұған дейін «Qarmet» көмір бөлімшесінің қызметін зерттей келе, мамандар 2021 жылдан бері шахталардағы қайғылы оқиғалардың 95 %-на жарылыстар мен өрттер, газ-динамикалық құбылыстар себеп болған.

Өзгелердің жаңалығы