Қарлы боран, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

30 Қаңтар 2024, 23:16
7722
Бөлісу:
Қарлы боран, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Астанада және еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

31 қаңтарда Астанада қарлы боран соғады.

Жамбыл облысында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, екпінді жел соғады.

Ақмола, Қызылорда, Атырау облыстарында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысында тұман түсіп, жел соғады.

Жетісу облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Маңғыстау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ.

Түркістан облысында қатты жаңбыр жауады.

Өзгелердің жаңалығы