Қарин: Жастар құмар ойындардың тұзағына түсіп жатыр

26 Ақпан 2024, 18:47
475
Бөлісу:
Қарин: Жастар құмар ойындардың тұзағына түсіп жатыр
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Басқосуда лудоманияға және заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес шараларын қамтитын құжатты әзірлеу барысы талқыланды.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, лудомания бүгінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіре бастаған. Көбінесе жастар құмар ойындардың тұзағына түсіп жатыр. Сондықтан Жастар саясаты жөніндегі кеңес лудомания мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрестің орталығы ретінде осы саладағы жұмысты үйлестіріп келеді.

Кеңес мүшелерінің пайымдауынша, қоғам мен мемлекеттік органдар лудоманияға қарсы күресті және оның алдын алу шараларын жүйелі түрде әрі бірлесе жүргізуі керек.

Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе, еліміздегі реформалардың ұрпақ болашағы үшін жасалып жатқанын және жастар қазірдің өзінде елдегі өзгерістердің бел ортасында жүргенін атап өтті.

Ерлан Қарин сөзінің соңында кеңес аясында жастар мәселесі көтеріліп қана қоймай, сол мәселелер шешіліп жатқанына назар аударды.

Өзгелердің жаңалығы