Қарин Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өткізді

17 Сәуір 2023, 19:34
633
Бөлісу:
Қарин Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өткізді
Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлеуге қатысты кеңес өтті.

Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды. Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, ол бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтіп, параграфтарға бөлініп, ғалымдар ел тарихын жазып шыққан. Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы