Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі

26 Шілде 2024, 13:45
1015
Бөлісу:
Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі
PHOTO
Фото: автордан

Қала базарлары мен жол жиктерінде қарбыз бен қауын тиімді бағада самсап тұр. Осы ретте, Алматының санитарлық дәрігерлері ерте піскен жемістер мен көкөністерден уланбаудың жолдары мен оларды таңдағанда нені ескеру керегін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Алматы қаласы бойынша қарбызды тұтынуға байланысты тағамдық токсико инфекцияның 9 жағдайы тіркелген.

Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі

Маман қарбыз бен қауынды сатып аларда кесіп тексеру микробтардың жұғып, улануға алып келетінін атап өтті.

Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі

Сатып алып жатқан кезде кесу улануға қауіп тудырады. Қарбыз жерде өседі, сатылатын жерге дұрыс тасымалданбайды. Дамушы микроағзалар кесілген жерге түседі. Сатушылар мен сатып алушылардың қолдарының жуылмауы улану қаупін арттырады. Қарбызды пайдаланбас бұрын мұқият жуу керек және бірнеше сағат бойы суға салып қою керек. Жемістер мен көкөністер нитраттарға толы. Ал су оларды жояды, - деді  Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанова.

Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі

Санитар мамандар жол бойында сатылатын жемістерді сатып алмаған дұрыс деп есептейді.

Қарбызды сауда үйінен, дүкендерден, талапқа сай келетін орындардан алған жөн. Жол бойында сатылатын жемістерді сатып алмаған дұрыс. Себебі сауда үйлерінде арнайы зертханалары болады. Жеміс-жидектер тексерістен өтіп отырады. Сатушыдан санитарлық сараптама нәтижесін сұраудан да ұялмаңыз. Осылайша, денсаулығыңызға зиян келтіруден сақтанасыз. Біз жол бойында қарбыз және қауын сататындарды тексеруден өткізуге құқығымыз жоқ. Тек тұрғындар уланып, арыз-шағым түскенде ғана тексерістен өткізе аламыз, – дейді Гаухар Сұлтанова.

Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі

Жол бойында самсап тұрған қауын-қарбыздың 1 данасы 500-1000 теңге. Олардың басым көпшілігі Қызылорда, Шымкент, көршілес Өзбекстан елінен әкелінеді.

Қарбыз таңдағанда нені ескеру керек – маман кеңесі

Осы ретте, піскен қарбызды қалай сатып алу керектігін атап өтсек. Ең алдымен, піскен қар­быз­дың ақ жолағы жалпақ болады. Сондай-ақ жолағы қанық болуы тиіс. Одан соң қарбызды шертіп көрген кезде, дауысы анық шығуы керек. 

Үшіншіден, сыртында қоңыр-қара дағы бар немесе жырылған қарбызды көрсеңіз, мүлде жоламағаныңыз жөн. 

Төртіншіден, қарбызды, басқа да жемісті сабағына қарап та таңдауға болады. Егер жемістің сабағы шірімеген болса, онда ол жаңа жұлынып әкелінген және іші де түспеген. 

Бесіншіден, қарбызда болатын сары дақтар оның толық піскенін білдіреді. 

Алтыншыдан, қарбыздың сырты жылтыр болса да, жақсы піскендігінің белгісі. Негізі, мамандар қауын-қарбызды тамыз айынан бастап жеуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы