Қарашөкеев: Ветеринарлардың жалақысы өседі

23 Желтоқсан 2021, 16:40
1909
Бөлісу:
Қарашөкеев: Ветеринарлардың жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның айтуынша,   ветеринария жүйесін реформалау – бірінші мәселе болып отыр. 

Бүгінгі күні біз осы жүйенің қазіргі ахуалын мұқият талдадық. Проблемалық мәселелер мен олардың пайда болу себептерін анықтадық. Осының негізінде оларды шешу тәсілдемелері әзірленді. Атап айтқанда, енді ветеринария жүйесіндегі барлық бақылау-қадағалау функциялары бір ведомствода, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінде шоғырландырылатын болады, - деп атап ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр 2022 жылдан бастап ветеринария саласында жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы өсетінін алға тартты.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері тек атқарушылық функцияларды орындайды. Екіншіден, келесі жылдан бастап практикалық ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 68%-ға өседі, - деп отыр Ербол Қарашөкеев.

Өзгелердің жаңалығы