Қарашөкеев елімізде күріш жеткілікті екенін айтты

6 Желтоқсан 2022, 12:11
1711
Бөлісу:
Қарашөкеев елімізде күріш жеткілікті екенін айтты

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күріш қоры жеткілікті екенін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі нарықтағы ақ күріштің қоры - 257 мың тонна. Біз жылдық тұтыну көлемін алар болсақ, ол 97 мың тонна. Яғни желтоқсаннан бастап күріш өнімдерінің жиналу кезеңінде тұтыну көлемі 80 мың тонна. Яғни қазіргі қор үш есе көп. 9 айдың қорытындысы бойынша шетелге 70 мың тонна экспортталған. 80 пайызы Ресейге кеткен. Ішкі нарықтағы күріш жеткілікті. Экспортқа да шығаруға жағдай бар. Өндіруші зауытта күріштің бір келісі 256 теңге. Көтерме бағалар 340-390 теңге. Қор жеткілікті, - деді Ербол Қарашөкеев.

Бұған дейін сарапшылар Ресейдегі күріш өнеркәсібіндегі күрделі жағдай Қазақстан нарығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін жазған еді. 

Өзгелердің жаңалығы