Қарасай ауданында 16 жастағы оқушы қайтыс болды

2 Сәуір 2023, 11:24
681
Бөлісу:
Қарасай ауданында 16 жастағы оқушы қайтыс болды
Фото: inbusiness.kz

Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Байсалбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы үйге келіп, екі сағаттан кейін дарға асылған күйде табылған.

Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл ретте жыл басынан бері Қарасай ауданында 4 мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсағанын айта кету керек.

«Qaz365.kz» ақпараттық агентігінің хабарлауынша, Қарасай ауданында қаңтар және наурыз айларында Қосынов орта мектебінде екі суицид тіркелсе, қаңтар айында Қарасай мектебінің бір оқушысы өзіне қол салған. Алмалыбақ орта мектебінде де өз өмірін қимақ болған бала аман қалса, Байсалбаев орта мектебінің оқушысы қайтыс болды. Бейсебаев мектебінде де өз өмірін қиюға оқталған тағы бір баланың әрекеті сәтсіз болып, аман қалған. 

Өзгелердің жаңалығы