Қарағандының теміржол вокзалында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтуде

22 Мамыр 2024, 12:29
250
Бөлісу:
Қарағандының теміржол вокзалында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтуде
Фото: автордан

Балалардың қатысумен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу, теміржол нысанында кәмелеттік жасқа толмағандардың кінәсінен болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында Қарағандының теміржол вокзалдарында «Абайлаңыз, балалар» акциясы өтуде, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қарағандыда құқық қорғау қызметкерлері жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының арасында теміржол вокзалында және басқа да қоғамдық орындарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Балалардың теміржолда қауіпсіз жүріп-тұруын насихаттайтын бейнероликтер шығарылып, жаз мезгілінде вокзалдар мен әуежайдағы LED экрандардан көрсетіліп, профилактикалық жұмыстар жалғасын таппақ.

Қарағандының теміржол вокзалында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтуде

Биылғы жылдың 20 мамырында теміржол және әуе көлігі нысандарында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу мақсатында Қарағанды-Сұрыптау желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында барлық күштер мен құралдардың жұмылдырылуымен «Абайлаңыз, балалар» республикалық акциясы басталды. Акция кезінде полиция жасақтары балаларды қоғамдық тәртіпті сақтауға және теміржол нысанында құқық бұзушылық жасамауға шақыратын болады, - дейді Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің аға лейтенанты Айбек Мұқашев.

Балалардың жол ережесі бойынша сауаттылығын арттыру, оларды демалыс лагерлеріне тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол вокзалдарында жасөспірімдердің жарақатын болдырмау бағытындағы шараның маңызы зор дейді тәртіп сақшылары.

Қарағандының теміржол вокзалында «Абайлаңыз, балалар!» акциясы өтуде

Айта кетейік, «Абайлаңыз, балалар» республикалық акциясы 30 мамырға дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы