Қарағандының Бұқпа өзенін ластағандарға 1 млн теңге айыппұл салынады

24 Мамыр 2024, 17:43
363
Бөлісу:
Қарағандының Бұқпа өзенін ластағандарға 1 млн теңге айыппұл салынады
Фото: Скрин

Қарағандының бірнеше тұрғынына Бұқпа өзеніне тұрмыстық сарқынды суларды ағызып, ластағаны үшін әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамыр айынан бастап Қарағанды облысының Экология департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен полицейлермен бірлесе Бұқпа арнасына заңсыз кәріз суларын тағызу фактілері бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Нәтижесінде бірнеше қала тұрғынының кәріз суларын өзенге ағызғаны анықталды.

Рейдтік шаралардың арқасында Бұқпа өзеніне кәріз суларын тұрба арқылы ағызған 3 қала тұрғыны анықталды. Осы фактілер бойынша тиісті шаралар атқарылуда. Заңсыз кәріз құбырлары жойылып, тұрмыстық сарқынды суларын өзенге ағызған тұлғаларға әкімшілік жаза тағайындалып, айыппұл салынуда, - деп мәлімдеді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы Дархан Исжанов.

Облыстың бас экологы қарағандылықтарды табиғатты сақтауға шақырып, қоршаған ортаға зиян тигізу жағдайлары анықталған жағдайда тұрғындарға көлемді айыппұл салынатындығын ескертті.

Қарағанды қаласының тұрғындарына ескертеміз, егер де сіздің тарапыңыздан Бұқпа өзенінің арнасына заңсыз жолмен кәріз суын, төгінділерді ағызып, ластау жағдайы жасалса, өз еркіңізбен құбырларды жоюларыңызы сұраймыз. Егер де бұлай болмаған жағдайда, ҚР Экологиялық және әкімшілік кодексінің талаптарына сай, 1 миллион теңгеден артық айыппұл көзделгенін ескерткім келеді. Сондықтан да, құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары сіздерден ең алдымен қоршаған ортамызды қорғауға, қаламыздағы жалғыз өзен Бұқпаны сақтауға шақырамыз, - деді Экология департаментінің басшысы Д.Исжанов.

Өзгелердің жаңалығы