Қарағандылық кәсіпкерлерге 365 жеңілдетілген несие берілді

24 Қазан 2023, 09:09
1317
Бөлісу:
Қарағандылық кәсіпкерлерге 365 жеңілдетілген несие берілді
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлерге 365 жеңілдетілген несие берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жастар кәсіпкерлігі дамып келеді. Биылғы жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында 300-ден астам жас өз ісін ашып немесе кеңейте алды. Олар жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алды.

Өтінімдер көп болды – 426-дан астам. Наурыз айынан бастап комиссия ай сайын жиналды. Оған мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары кірді. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге 365 несие мақұлданды. Облыстың барлық қалалары мен аудандары қамтылды. Ең жоғары белсенділік Қарқаралы және Шет аудандарында байқалады, – дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Айнагүл Ермағанбетова.

Бағдарлама қатысушыларының пікірінше, мұндай құралдар бизнесті дамытуға серпін береді. Қарыз пайызы төмен – мемлекет банктің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайтын қаражат бөледі.

Қарағандылық кәсіпкерлерге 365 жеңілдетілген несие берілді

Осы мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі – Саран қаласының тұрғыны Асқар Мурад. Ол жиһаз жасаумен айналысады.

Мен жеңілдікті несиелер туралы білгенде, оны алып көрейін деп шештім. Шарттары тартымды – жылдық 2,5% ғана. Құжаттарды жинадым, өтініш бердім, бәрі ойдағыдай болды. Берілген сомаға автоматты түрде берілетін жиек жабатын станок сатып алдым, – деді кәсіпкер.

Қарағандылық Тимур Лолахаев те несие қаражатын өз ісін дамытуға жұмсады. Ол желдетуге арналған құбыр жүйелерін орнату қызметтерін ұсынады. Клиенттер негізінен жеке үйлердің иелері. Кәсіпкердің айтуынша, мұндай қолдау бәсекеге қабілетті болу үшін жақсы көмек.

Жас кәсіпкерлер алған несиелерін пайдаланатын сала ауқымды: мал шаруашылығын дамытудан бастап білім беру орталығының, массаж кабинетінің, шағын кофехананың ашылуына дейін.

Айта кетейік, жастар кәсіпкерлігін қолдау тетігі биыл Аграрлық несие корпорациясы арқылы іске қосылды. Микрокредит беру мерзімі – бес жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – жетіге дейін. Қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млн теңге, ал номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімінің ұзақтығының 1/3 аспайтын бөлігін құрайды.

Өзгелердің жаңалығы