Қарағандыда үйлерді жылумен жабдықтау желісінде апат болды

11 Қаңтар 2024, 02:22
466
Бөлісу:
Қарағандыда үйлерді жылумен жабдықтау желісінде апат болды
Фото: Архив BAQ.KZ

Қарағандыда жылумен жабдықтау желілерінде апатты жағдай орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарағанды Жарық» ЖШС бригадасы ақаудың сипатын анықтап жатыр.

Компания апатқа сорғы стансасындағы кернеудің ауытқуы себеп болды деп отыр.

Дүйсембеков көшесіндегі «Панель-Центр» жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді кідірістер мен сорғы агрегаттарының өз бетінше қосылуы апатқа алып келді. Салдарынан қысым күрт өзгеріп, гидросоққы орын алған. Бұл Әшімов көшесіндегі жылу желісіне әсер етті, - делінген компания таратқан ақпаратта.

«Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бригадасы ақаудың сипатын анықтау мақсатында су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ақауды жоюға 2 авариялық бригада, 8 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы