Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

10 Тамыз 2022, 10:20
1583
Бөлісу:
Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысында теледидарлар, электр су жылытқыштар, шаңсорғыштар, ас үй плиталары, шағын пештер, ас үй сорғыштары, кір жуғыш машиналар және басқа да тұрмыстық техника шығарылады деп көзделіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылына 1,1 млн дана өнім шығарылады деп жоспарлануда.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Болашақ Artel зауыты Саран қаласында пайда болады. Биыл күзде оның құрылысы басталуы тиіс.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Қарағанды облысының әкімдігінде өткен кеңесте жаңа инвестициялық кәсіпорындар туралы айтылды.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде барлығы 212,7 млрд теңге сомасына 11 инвестициялық жоба, оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оларды іске қосудың арқасында екі мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік пайда болады.

Олардың бірі, импортты алмастырушы болып табылатын жоба, іске қосылды. Бұл «Сарыарқа» ЕЭА аумағында 30 жұмыс орнын құруды қарастыратын «АлтынАрна Geosynthetics» ЖШС геомембрана шығару жобасы, – деп атап өтті Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Оның айтуынша, жыл соңына дейін Балқашта сағатына 50 МВт-қа дейін қуат өндіретін күн электр станциясы іске қосылады. 20 адам жұмыспен қамтылады.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Саран қаласында қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнім өндірісі жолға қойылады. Қазір шикізат шетелден сатып алынады, ал келешекте олар қағаз негізді өз бетінше дайындайтын болады. Есептеулер бойынша, бұл зауыттың қуатын жылына 21,4 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Кәсіпорын моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы. Компания 100 жаңа жұмыс орнын ашады.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Өңірде сонымен қатар катодты мыс өндірілетін болады. Жаңа зауыттың қуаттылығы – жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс шығару. 140 жұмыс орны құрылады.

Қарағандыда тұрмыстық техника шығарыла бастайды

Сондай-ақ, жыл соңында «Татнефть» компаниясының қатысуымен және 1116 жұмыс орнын құрумен KamaTyresKZ шина зауытын іске қосу күтілуде.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта жұмылдырылған инвестиция көлемі 264 млрд теңгеден асты. Жыл соңына дейін өткен жылға қарағанда 5,5 % өсіммен 732,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы