Қарағандыда түрмеден қылмыскер қашып кетті

2 Тамыз 2023, 13:45
802
Бөлісу:
Қарағандыда түрмеден қылмыскер қашып кетті
Фото: polisia.kz

31 шілдеде №31 мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген.

Бірнеше сағат ішінде қашып кеткен сотталғанды жедел қызметкерлер ұстады. Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді. Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін жалпы 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Өзгелердің жаңалығы