Қарағандыда түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер іздестірілуде

18 Шілде 2023, 11:05
1104
Бөлісу:
Қарағандыда түрмеден қашқан қауіпті қылмыскер іздестірілуде
Фото: polisia.kz

18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат қашып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекен-жайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде. 

Ол 35 жастағы Батыс Қазақстан облысының тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Азаматтың қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді. Белгілері: толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар және басында қара кепка болған. Қала тұрғындарынан сипатталған адамға ұқсас азаматты көргендер болса 102 номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Полиция облыс тұрғындарынан өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауын сұрайды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы