Қарағандыда шағын несие беру ұйымын тонаған екі адам ұсталды

9 Мамыр 2023, 00:20
879
Бөлісу:
Қарағандыда шағын несие беру ұйымын тонаған екі адам ұсталды
Фото: poilisia.kz

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс ауданында орналасқан несие беру ұйымына кешкі сағат 18.00 де екі азамат кіріп келіп ақша беруді талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар 30 жастағы менеджер азаматшаны тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 1 миллион 29 мың теңгені алып кеткен.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер Астана қаласында қолға түскен.

Ауыр қылмысты ашу мақсатында, департаменттің криминалдық полиция басқармасы, Қарағанды қалалық Полиция басқармасы және оның аумақтық полиция бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамыр күні жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласынан осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 25 жастағы екі азамат анықталып ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді, - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің санкциясына сәйкес ұсталғандарға бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы