Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

Қарағандыдағы сауда орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды

18 Қараша 2026, 14:08
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы/ЖИ 18 Қараша 2026, 14:08
18 Қараша 2026, 14:08
178
Фото: ©BAQ.KZ коллажы/ЖИ

Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, сауда үйлерінің бірінде қайғылы оқиға болған. Ер адамның денесі Ана мен бала бөлмесінен табылған.

Алдын ала деректер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Мәйітті сауда үйінің күзетшісі байқаған.

BAQ.KZ сауалынан кейін полиция жауап жолдады.

«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп жауап берді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде оқ тиіп, қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын ұсталды

Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады

 

Наверх