Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Halyk Bank банкоматтары қолма қол ақшамен толығып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Қалада 219 банкомат бар.
Kaspi Bank картасын ұстаушылар Halyk Bank банкомат желілерінен комиссиясыз қолма-қол ақша ала алады.
Тұрғындардан үрейге бой бермей, банкоматтардан дереу ақша шешіп алуға асықпауды сұрайды.
Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жедел желі жұмысын жалғастыруда: (8-7212) 30-01-36.
Төтенше жағдай туралы сауалдарға жауап алу үшін 109 тегін қызметі тәулік бойы қолжетімді.