Қарағандыда дрондар энергетикалық нысандардағы ақауларды анықтайды

Дрондар жүргізетін фото және бейнетүсірілім жабдықтардың техникалық жағдайын бағалауға, ақаулар мен ықтимал қауіптерді ерте анықтауға мүмкіндік береді.

 Энергетика министрлігі 14 Қыркүйек 2026, 08:54
14 Қыркүйек 2026, 08:54
166
Фото: Энергетика министрлігі

Қарағанды облысында энергетикалық нысандардың техникалық жағдайын тексеру үшін дрондар қолданыла бастады.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы электр беру желілерін, ғимараттар мен құрылыстарды, түтін мұржаларын және жетуі қиын учаскелерді тексеруде.

Дрондар жүргізетін фото және бейнетүсірілім жабдықтардың техникалық жағдайын бағалауға, ақаулар мен ықтимал қауіптерді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Жиналған материалдар кейінгі талдау үшін де сақталады.

Ведомствоның мәліметінше, дрондарды пайдалану энергетикалық бақылаудың жеделдігі мен тиімділігін арттырып, өңірдегі инфрақұрылымның сенімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Наверх