Иран мен Оман Ормуз бұғазы бойынша келісімге келді

Келісімге сәйкес, Ормуз бұғазы арқылы Парсы шығанағына кіретін бағыт толығымен Иранның аумақтық сулары арқылы өтеді.

 depositphotos.com 13 Қыркүйек 2026, 00:24
13 Қыркүйек 2026, 00:24
1102
Фото: depositphotos.com

Иран мен Оман Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының бағыты бойынша түпкілікті келісімге келді. Бұл туралы Tasnim агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, келісім тек Иран мен Оман арасында жасалған. Оның егжей-тегжейі Парсы шығанағы елдерінің сыртқы істер министрлері қатысатын кездесуде жарияланбақ. Басқа мемлекеттер жиынға жаңа маршрут пен кеме қатынасы ережелерімен танысу үшін қатысады.

Келісімге сәйкес, Ормуз бұғазы арқылы Парсы шығанағына кіретін бағыт толығымен Иранның аумақтық сулары арқылы өтеді. Ал бұғаздан шығатын маршруттың бір бөлігі де Иранның аумақтық суларын қамтиды.

Наверх