Қарағандыда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылады

22 Желтоқсан 2021, 22:17
1479
Бөлісу:
Қарағандыда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ерекше балалардың ата-аналарымен және облыстық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, осы жылғы бірлескен жұмысты қорытындылады.

Жыл бойына біз бірнеше рет кездесіп, білім беру, оңалту, дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың қолжетімділігі бойынша бірқатар мәселелерді шештік. Жақында ғана Білім басқармасының қызметкерлері арнайы мониторинг жүргізді. Қазір облыс мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар 2 748 бала білім алуда. Олардың 50% - дан астамы қосымша біліммен қамтылған. Бүгінгі күні 155 мектепке дейінгі ұйымда, 33 колледжде және 404 мектепте арнайы кедергісіз жағдайлар жасалды. Бұл мекемелерде 114 тьютор еңбек етеді, олар даму ерекшеліктері бар оқушыларға ұжымға сіңісулеріне жәрдем жасайды - деді әкім.

Мысалы, Теміртауда екі балабақша қайта құрылды. Сонымен қатар, сөйлеу қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған топтар құрылды. Сондай-ақ, металлургтер қаласында күні кеше ғана жазған Облыстық оңалту орталығы ашылды.

Ал келесі жылы Қарағандыда аутизм және менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылады. Бұл ретте балаларды әлеуметтендіру ғана емес, сонымен бірге ата-аналарды оқыту да қарастырылуда. Қарағандыда жалпы білім беретін мектептердің базасында инклюзияны қолдау бойынша тағы үш кабинет құрылады. Сондай-ақ Сәтбаев қаласында түзету кабинеті ашылады. Қазіргі уақытта педагогтарды оқыту шаралары жалғасуда. Келесі жылдан бастап Е.Бөкетов атындағы ҚарУ базасында педагог-ассистенттерді оқыту бағдарламасын іске қосу жоспарлануда - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар спортпен шұғылдануға көп көңіл бөлінеді. Мыңнан астам бала мемлекеттік спорт мекемелеріне және жекеменшік мекемелерге де барып жүр.

Әрине, әлі шешілмеген мәселелер көп. Атап айтар болсақ, бұл арнайы оқытылған нұсқаушылар мен жаттықтырушылардың жетіспеушілігі, одан әрі әлеуметтену және қоғамдық орындарда кедергісіз ортаны құру сынды мәселелер. Бұл ретте ең бастысы, біздің балаларымыз бүкіл қоғамның қолдауы мен назарын сезінулері керек - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы