Қарағанды облысының 92 ауылында медициналық мекеме салынады

16 Сәуір 2023, 08:06
839
Бөлісу:
Қарағанды облысының 92 ауылында медициналық мекеме салынады
Фото: 24.kz

Қарағанды облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 92 медициналық мекеме салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ға сілтеме жасап.

Соның басым бөлігі Шет ауданында бой көтереді. Бұл өңірдегі дәрігерлік амбулаториялардың көбі ескірген.

Шет ауданының Қызылқой ауылында сәуірдің соңына қарай құрылыс басталады. Қазір жері анықталып, тиісті қаржысы бөлінген. Бір ғана Қызылқой емес, аудандағы 21 ауылда медициналық мекеме бой көтереді.

11 фельдшерлік-акушерлік пункт және 10 медициналық пункт салынатын болады. Бұл салынатын нысандарға бүгінгі таңда республикалық бюджеттен қаражат қарастырылды. Жергілікті елді мекендерде жер телімдері анықталып, олардың техникалық шарттары бүгінгі күнде дайындалды, - дейді Шет ауданының бас дәрігері Алпыс Аманжолов.

Медициналық мекемелерді қажетті мамандармен қамту жұмысы да қатар атқарылып жатыр. Ауылға келетін дәрігерлерге берілетін көтерме қаражат көлемі биыл 5 млн-ға өскен. Бұдан бөлек баспанамен де қамтылады.

Өзгелердің жаңалығы