Қарағанды облысындағы 2 елді мекенге карантин енгізілді

16 Маусым 2022, 22:20
2742
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы 2 елді мекенге карантин енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысындағы екі елді мекенде ірі қарадан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантиндік шектеу жарияланды. 

Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Қызылтау және Ақбауыр елді мекендерінде қарасан ауруы белгісімен ірі қара мал өлген. Осыған орай, 11 маусымда мамандар қарасан ауруын анықтау мақсатында сынама алды. Қорытынды бойынша екі сынамадан қарасан ауруы расталды. Осының негізінде екі елді мекеннің аумағында карантиндік шаралар енгізілсін, - делінген округ әкімі шығарған қаулыда.

Карантин шаралары нақты белгіленбеген мерзімге енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы