Қарағанды облысында тағы бір кенші қаза болды

7 Қыркүйек 2023, 14:31
1264
Бөлісу:
Қарағанды облысында тағы бір кенші қаза болды
Фото: BAQ.KZ - архив

Қарағанды ​​облысындағы шахтада кенші қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Өркен» ЖШС-нің шахтасында апат болды. 1984 жылы туған үңгуші қаза болды.

Арнайы комиссия құрылып, іс тергеліп жатыр.

«Өркен» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның отбасына ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті қолдау көрсетіледі.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы