Қарағанды облысында шахтерлердің талаптары қалай орындалуда

2 Ақпан 2022, 09:55
1312
Бөлісу:
Қарағанды облысында шахтерлердің талаптары қалай орындалуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында моноқалаларды дамытуға көп көңіл бөлінеді. Шахтинск, Саран және Абай қалаларында көбірек тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту көзделіп отыр.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек кеншілердің бастамашыл тобымен кездесті. Кеңесте «Абай» шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін келісім комиссиясы қабылдаған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұжымдарының талаптарын орындау барысы талқыланды. Бұл процесті облыс әкімі жеке өзі бақылайды.

Бүгінгі таңда компания 12 талаптың барлығын дерлік орындады. Жұмыста персоналдың нормативтік санына, жабдықтың техникалық аудитін ескере отырып, инвестициялық бағдарламаны жаңартуға қатысты бірнеше тармақ қалады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Әлішер Әбенов көлік паркін жаңарту туралы баяндады. Оның айтуынша, бес жаңа автобус келді, тағы жетеуі жақын арада алынады Компания барлығы 56 заманауи автобус сатып алуға уәде беріп отыр.

Кездесуде сондай-ақ кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама туралы сөз қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, оны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама аясында барынша көбірек тілек білдірушілерді қамту үшін Отбасы банкі де қосымша қаржыландырады. Отбасы банкінің Қарағанды филиалының директоры Бауыржан Жуаспай кәсіподақтар 70 адамнан тұратын алғашқы тізімді бергенін хабарлады.

Кездесуде сондай-ақ кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама туралы сөз қозғалды. Естеріңізге сала кетейік, оны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама аясында барынша көбірек тілек білдірушілерді қамту үшін Отбасы банкі де қосымша қаржыландырады. Отбасы банкінің Қарағанды филиалының директоры Бауыржан Жуаспай кәсіподақтар 70 адамнан тұратын алғашқы тізімді бергенін хабарлады.

Сонымен қатар, моноқалаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтоновтың айтуынша, биыл қалада бес қабатты үй салу жоспарлануда, онда пәтерлердің бір бөлігін кеншілер отбасы ала алады. Абай Құнанбаев орталық даңғылына жөндеу жұмыстары басталады. Қалалық мәдениет және демалыс саябағын абаттандыруды аяқтау жоспарлануда. Кеншілердің өтініші бойынша Шахтинск қаласында заманауи хоккей корты пайда болуы тиіс.

Саран және Абай ауданының әкімдері тұрғын үй салу жоспарлары туралы айтып берді. Саран қаласының басшысы Ержан Темірханов газдандыру мәселесін жайлы тоқталып, көгілдір отын құбырларын өткізуді Ақтас кентінен бастағысы келетін хабарлады.

Абай ауданында «Абай» шахтасының жолын жөндеу жұмыстары аяқталады. Кеншілер Вольный кентінде дәріхананың жоқтығына шағымданып, «Абай – Вольный – Қызыл» бағыты бойынша автобус рейстерінің санын көбейтуді сұрады. Аудан әкімі Бауыржан Асановтың айтуынша, бұл мәселелер шешілетін болады.

Өткен жылдың қараша айынан бастап біз ай сайын облыс әкімімен, компания басшылығымен кездесеміз. Бұл кездесулер қажет. Ұжымдарды толғандыратын барлық мәселелерді көтереміз. Қазіргі уақытта көп шешім қабылданды, – деп атап өтті «Тентек» шахтасының тау-кен шебері Нұрболат Әбдірахманов.

Жұмыс тобы барлық мәселелер толық шешілгенге дейін жұмыс істейтін болады, деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Кеншілер ұжымдарымен көтерілген мәселелерді шешу бақылауда қалады. Қойылған міндеттердің орындалуына жауапты барлық адамдарға барлық шараларды уақтылы қабылдаңыдар деп айтамын. Бір айдан кейін осындай форматта тағы кездесеміз, – деді өңір басшысы.

Өзгелердің жаңалығы