Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

14 Маусым 2024, 09:19
240
Бөлісу:
Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі
PHOTO

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шаралары күшейтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыстық бюджеттен "Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық" КММ жарақтандыруға қаражат бөлінеді.

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кәсіпорында болып, жасалған жағдайларды көріп қайтты.

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

Табиғатты қорғаушылар заманауи техникамен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Патрульдік және өрт сөндіру көліктері, екі су таситын көлік және т.б. техникамен жабдықталған. Тіпті дала аудандарында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін мамандандырылған тұрмыстық машина да бар.

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

Материалдық-техникалық база толық жасақталған. Биыл жедел топтың ұзақ сапарларына арналған машина, қайық сатып алынды, - деді орманды қорғау жөніндегі инженер Темірлан Елубаев.

Шаруашылықтың қарамағында 27 мың гектар табиғи аумақ бар, оның жартысына жуығы орман алқаптары. Қызметкерлердің міндеттеріне браконьерлікпен күрес кіреді. Штатта 100 орманшы және жедел-инспекторлық топтың 18 қызметкері бар.

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

Бірінші кезектегі міндеттердің бірі - орман өрттерінің алдын алу. Өңірде 51 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, алдағы екі жылда тағы 15 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

Өткен жылы қосымша бес жаңа орман өрт станциясы ашылды, биыл тағы біреуі – Шахтинск орман шаруашылығы аумағында салынуда.

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпановтың айтуынша, барлық орман шаруашылығы жүз пайыз қамтамасыз етілген. Олардың қажеттіліктері үшін арнайы техника және 400-ден астам түрлі жабдықтар сатып алынды.

Қарағанды облысында ормандарды қорғау шарасы күшейтіледі

Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ өңірді көгалдандыру үшін көшеттер өсірілетін Қарағанды орман тұқымбағына барды.

Өзгелердің жаңалығы