Қарағанды облысында көлдерді жаппай тазарту жұмыстары басталды

22 Мамыр 2022, 16:56
1472
Бөлісу:
Қарағанды облысында көлдерді жаппай тазарту жұмыстары басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында көлдерді жаппай тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлады 24.kz.

Волонтерлер жағалаудағы күл-қоқысты жинаса, инспекторлар суда қалып қойған ауларды сүзіп алды. Себебі қытай аулары балық пен айдында жүзетін құстарға аса қауіпті. 

Табиғат жанашырлары бір айда 37 тонна тұрмыстық қалдық жинап, 18 мың метр ау алып шыққан. Қазір Қарағанды өңірінде барлығы 225 су айдыны бар. Ең үлкені – Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлінің аумағы 15 мың гектардан асады. Ұзақ жыл қараусыз жатқан. 

Қазір жергілікті азаматтың бірі жалға алып, балық шаруашылығын дамытпақ. Елімізде 2021-2030 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданған. Онда балық санын көбейтуге басымдық беріліп отыр. 

Сол бағдарлама бойынша барлық облыстарда балық аулаудан балық өсіруге көшуді барлық дамыған елдердегідей, су айдындарынан дайын балықты ала бермей, оны өсіріп, сатуға көшіп жатыр. 2030 жылға республика бойынша 270 мың тоннаға жеткізуіміз керек балық өсіруді. Оның ішінде Қарағанды облысы бойыншы 15 мың тонна, – деді Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев. 

Өзгелердің жаңалығы