Қарағанды облысында екі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды

 ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов 16 Қараша 2026, 20:55
16 Қараша 2026, 20:55
91
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Жалғасбек Тоқтамысов

Қарағанды облысында инвесторларға жер беруден заңсыз бас тартқан екі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Қарағанды облысының прокуратурасы «прокурорлық сүзгі» тетігі арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 906 шешімін қарады. Оның нәтижесінде бизнеске қатысты бірқатар негізсіз шектеуге жол берілмей, инвесторлардың құқығы қорғалды.

19 негізсіз тексеру тағайындау әрекетінің жолы кесілді. «Сарыарқа» АЭА қатысушысымен жасалған шартты бұзуға жол берілмеді, 7 рұқсат құжатын беруден бас тарту және 5 инвесторға қатысты шектеу шараларын қолдану тоқтатылды. Сонымен қатар жалпы сомасы 40 млн теңгеден асатын 31 әкімшілік айыппұл салуға жол берілмеді, - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуртурасының баспасөз қызметі. 

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жекелеген фактілері бойынша құқықтық баға берілді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасы мемлекеттік кірістер органдарының «FLSmidth» ЖШС-ға қатысты тексеруді прокуратура органдарымен келіспей тағайындағанын анықтады. Прокурордың наразылығы бойынша тексеру жүргізу туралы нұсқама және оған байланысты шешімдердің күші жойылды. Салық органының лауазымды тұлғасына қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды. Заңды күшіне енген сот актілерін талдау барысында заңсыз араласудың тағы екі фактісі анықталды. Қарағанды қаласы әкімдігінің жер учаскелерін беруден бас тарту туралы шешімдері заңсыз деп танылды, - деп жазылған хабарламада. 

Осы факті бойынша екі әкімшілік іс қозғалды. ӘҚБтК-нің 173-бабының 1-бөлігі бойынша екі лауазымды тұлға жалпы сомасы 865 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісуда мұғалімдерді медициналық тексеруден өткізбеген 21 басшы жазаланды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Қызылорда облысында әкім инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды

Сақтандыру төлемін сылтау еткен: Ұлытауда клиенттерді алдаған банк қызметкерінің ісі әшкере болды

«Жұмыс істемеген» қызметкерлерге 5,8 млн теңге төленген: Мектеп директоры, орынбасары мен бухгалтер сотталды

 

Наверх