Қарағанды облысында екі азаматты мәжбүрлі түрде жұмысқа салған

19 Маусым 2023, 12:31
638
Бөлісу:
Қарағанды облысында екі азаматты мәжбүрлі түрде жұмысқа салған
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында еңбекке еріксіз жегу фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Шаруа қожалығының басшысы бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ өзіне қарыз екенін пайдаланып, 52 және 30 жастағы екі тұрғынды жұмысқа салған. 

Ер адамдар үй шаруашылығымен, техниканы жөндеумен және мал күтімімен айналысуға мәжбүр болған. Қашуға тырысқанда олар қожалыққа қайта қайтарылып, жазаланып отырған. Шаруа қожалығына жақын трасса 65 шақырым жерде орналасқан, – деді ведомство өкілі.

Айтуынша, аталған жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетілген. 

Қазіргі уақытта еңбекке еріксіз жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленушілерге қажетті көмек көрсетілді, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы