Қарағанды облысында Аmanat партиясы жұмысының басымдықтары талқыланды

3 Наурыз 2022, 10:57
1334
Бөлісу:
Қарағанды облысында Аmanat партиясы жұмысының басымдықтары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында ең шалғай елді мекендерге жылжымалы қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады. Қоғамдық кеңестер мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысы күшейтіледі. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әрбір тұрғын өз пікірін айта алады және оған назар аударылуы тиіс, деп атап өтті өңір әкімі Жеңіс Қасымбек Аmanat партиясының активінде.

Халықтың санасын саясиландыру жүріп жатыр. Саяси бәсекелестік қарқындап, кеңейетіні заңдылық. Мұндай жағдайда партия заман талабына сай қадам басып, уақыт сын-қатерлеріне жауап беріп, сұранысқа ие саяси күш болып қала беруі тиіс. Басым міндет – халықпен кері байланысты күшейту және жұмысты жандандыру, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Бастауыш партия ұйымдары басты диалог алаңына айналуға тиіс. Облыста 459 бастауыш партия ұйымы бар, оған 86 мың партия мүшесі кіреді.

Болашақ жоспарларымен Теміртау қалалық филиалының «ЦентрПромстрой» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы Михаил Коновалов бөлісті.

Жақын арада БПҰ төрағаларының белсенділігін, ұтқырлығын және жауапкершілігін арттыру үшін оларды бағалауды және рейтингін енгізу жоспарлануда. Мен бұл бағытты трансформация жолында дұрыс деп санаймын. Сондай-ақ, креативті жастардың әлеуетін іске асыру үшін мобильді партиялық қосымшаны және «Партиялық контент-фабрика» жаңа жобасын іске қосу сияқты жаңашылдықтар да өзекті, – деп атап өтті Михаил Коновалов.

Қарағанды облысында Аmanat партиясы жұмысының басымдықтары талқыланды

Жұртшылықпен кері байланыстың тиімділігін арттыру маңызды. Фракция мүшелері тек аудандық және облыстық деңгейде ғана емес, шалғай ауылдарға бару тәжірибесін жандандыруы қажет. Жұртшылықты толғандыратын мәселелерді мәслихаттарда талқылап, шешімін тапқан дұрыс. Ең бастысы – депутаттық мандат емес, айырмашылық емес, қоғамның ерекше сенімі екенін есте ұстаған жөн, – деді Нұра аудандық мәслихаты партиясының депутаттық фракциясының жетекшісі Данияр Алшынбаев.

Jas Otan жастар қанатының жұмысы түбегейлі қайта қаралып, күшейтілетін болады. Қазіргі уақытта өңірде 35 адамнан тұратын жас депутаттар корпусы жұмыс істейді. Олардың барлығы қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысады.

Партия активінің қорытындысы бойынша Жеңіс Қасымбек барлық қатысушыларға партия жұмысын жедел әрі сапалы жаңарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, беделді партиялықтарды – қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, диалог алаңдарын ұйымдастыру, партияның сайлауалды бағдарламасының жол картасы бойынша жұмысты талдау және аяқтау.

Өзгелердің жаңалығы