Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

19 Наурыз 2023, 18:27
818
Бөлісу:
Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
PHOTO
Фото: автордан

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттарын сайлауға облыста 700 мыңнан астам адам қатыса алады. Олар таңғы жетіден бері жұмыс істеп тұрған 654 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасауда, деп хабарлайдыҚарағанды облысындағы  BAQ.KZ тілшісі.

Қарағандының Көгілдір тоғандар шағын ауданының тұрғындары Б.Момышұлы атындағы №77 мектебінде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс беріп жатыр. №170 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасының айтуынша, сайлаушылар өте белсенді.

Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

«Көгілдір тоғандар» шағын ауданы 3 мекенжайында орналасқан мектеп-балабақша кешенінде үш сайлау учаскесі бар. Жалпы «Көгілдір тоғандар» шағын ауданының тұрғындары сайлауға өте белсенді қатысады. Бұған дейінгі сайлау науқандарында да осындай жоғары белсенділікті байқап келеміз. Әсіресе түске дейін адамдар көп келді. Бізде тұрғындардың көбі әскери адамдар, мемлекеттік мекемеде істейтін азаматтар. Сайлаушылардың көңіл-күйлері де тамаша, - дейді №170 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Амантай Соғысбай. 

Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Оның айтуынша аталған сайлау учаскесінде сайлау науқанын әртүрлі партиялардан, ұйымдардан 25-тен астам тәуелсіз бақылаушы бақылап отыр. 

Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
Қарағанды облысында 654 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Сайлау науқанын бақылау мақсатында ережеге сай таңғы алтындан бастап сайлау учаскесіндеміз. Күні бойы учаскеде қандай да бір ереже бұзу, бұзақылық сияқты әрекеттер болған жоқ. Барлығы заң аясында өтіп жатыр, - деді «Қазақстан халық партиясы» атынан сайлауға бақылаушы ретінде қатысушы Жанаргүл Әуезханқызы.

Қарағанды облысында 700 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасауға құқылы болса, оның 13 мыңы алғаш рет дауыс берушілер. 

Өзгелердің жаңалығы