«Қазгидромет» бүгін, 30 қарашада Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 16 облысында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Бірқатар өңірде қар, боран, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі.
Астанада түнде қар жауып, боран соғады. Алматыда таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Қала маңындағы таулы аудандарда көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар мен боран күтіледі. Өскемен мен Семей қалаларында да қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.
Маңғыстау облысында жаңбыр мен қар араласып жауып, көктайғақ болады. Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да қар жауып, боран соғады.