Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті

22 Наурыз 2022, 11:27
2175
Бөлісу:
Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз мейрамына орай Қапшағайға қарасты Қосқұдық ауылында бәйге өтті. Оған еліміздің бірнеше өңірінен келген бәйге жылқылар қатысты.

Қапшағайда Наурыз мейрамын тойлау барысында Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды. 
Жарыс барасында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы сөз алып, халықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі.
Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушалырға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді.

Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті

Әкімнің айтуынша, бәйгенің өткізуге өңірдің жастары бастама көтерген.

Бізде Жастар қоғамы бар, солар бәйге өткізсек деген ұсыныс жасады. Біз қолдап, сый-сияпат жағынан көмектестік. Шарадан түскен қаражатты Жастар қоғамы қайырымдылық қорына аударсақ деген ойларын айтты, ол жағын өздері шеше жатар. Дегенмен, олар аз қамтылған 1-2 отбасына баспана салып береміз деп отыр, біз оны қолдаймыз, өз тарапымыздан шамамыз келгенше көмектесеміз,-деді Нұрлан Орынбасарұлы.

Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті

Жалпы, республика деңгейінде өткен бәйгеге еліміздің Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Алматы, Талдықорған қалаларының атбегілері қатысты. 

Соның ішіндегі 25 шақырымдық аламанға - 50 сәйгүлек, 15 шақырымдық топ бәйгесіне – 40,  8 шақырымдық құнан бәйгесіне - 50, 4 шақырымдық тай жарысына – 30 сәйгүлік шабысқа жіберілген. 

Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті

Жалпы есеп бойынша 100-ден астам тұлпар бақ сынасып, нәтижесінде топ бәйгеден – Батыс Қазақстан облысы, құнан бәйгесінен - Ескелді ауданы, тай бәйгеден – Жамбыл ауданы жүлделі орындарға ие болса, ал аламан бәйгеде Қордай ауданы бас жүлдені жеңіп алып, тігілген «Лада Гранта» автокөлігін қанжығасына байлады.  
 

Қапшағайда республикалық деңгейде бәйге өтті
Өзгелердің жаңалығы