Қаңтарда коронавирустан қайтыс болғандардың барлығы дерлік – вакцина алмағандар

24 Ақпан 2022, 17:06
2038
Бөлісу:
Қаңтарда коронавирустан қайтыс болғандардың барлығы дерлік – вакцина алмағандар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша,  жүкті әйелдер мен балалар арасында індет жұқтыру төмендеген. 

Қуанышымызға орай, жүкті әйелдер мен балалар арасында ковидпен сырқаттану төмендеді. Бүгінгі күні 7 жүкті әйел ауруханада ем қабылдауда. 2 бала стационарлық жағдайда емделіп жатыр. Жағдайдың тұрақтануы мен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты амбулаториялық ем қабылдап жатқан пациенттер саны да азайды. Қазір қала бойынша 630 адам үй жағдайында тиісті емдерін алып жатыр, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар вакциналаудың тиімділігі мен пайдасын және екпе алмағанда салдары қандай болу мүмкін екенін ескере отырып, бірнеше деректер келтірді. 

Қаңтар айында 81 мыңға жуық жаңа жағдай ішінен ауруханада коронавирустан 79 адам қайтыс болды, олардың 74-і вакцина қабылдамағандар. Нақтырақ айтсақ, 74 науқас өте ауыр жағдайда және ауыр халде реанимацияға түсті. Тек 5 адам орташа ауырлықпен ауруханаға жатқызылды, - деді басқарма басшысының орынбасары. 

Еске сала кетейік, бұған дейін  қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары жансақтау бөліміне пациенттер ауыр жағдайда түсіп жатқаны туралы айтқан еді. Реанимациядағы 37 адамның 28-і өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатқаны белгілі болды. 

Өзгелердің жаңалығы