COVID-19. 40-қа жуық елордалық жансақтау бөлімінде жатыр

24 Ақпан 2022, 16:55
1496
Бөлісу:
COVID-19. 40-қа жуық елордалық жансақтау бөлімінде жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, қаңтар айымен салыстырғанда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. 

Алайда індеттің барын да ұмытуға болмайды, сақтық шаралары сақталуы тиіс. Өйткені мұның бәрі қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына немесе жақсаруына тікелей әсер етеді. Бүгінгі таңда ковидтік стационарларда 171 науқас КВИ-мен емделіп жатыр. Жүктеме 28,8%-ды құрайды. Инфекциялық төсек-орынның толуының төмендеуіне қарамастан, өкінішке қарай, реанимация бөлімшесіне ауыр халдегі пациенттер түсуде. 37 адам реанимацияда, оның ішінде, 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ведомство өкілі астананың инфекциялық ауруханалар санына тоқталды. 

Елордада инфекциялық ауруханалар ретінде 7 стационар жұмылдырылған. Төсек-орын саны – 594, оның ішінде – 89-ы реанимациялық, - деді Әлия Рүстемова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірқатар карантиндік шектеу шараларының алынып тасталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы