"Қаңтар қасіреті". Қамалғандарды азаптады деген күдікпен 12 полицейдің үстінен іс қозғалды

1 Ақпан 2022, 17:38
3003
Бөлісу:
"Қаңтар қасіреті". Қамалғандарды азаптады деген күдікпен 12 полицейдің үстінен іс қозғалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Аманат қоғамдық комиссиясының төрағасы, адвокат Абзал Құспан Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты. 

Оның айтуынша, қамалғандарды азаптау теигеу изоляторына әкелгенге дейін болған.

Қамауда отырғандармен кездескенде құқыққорғаушылар тарапынан азаптау болғаны айтылды. Ол негізінен алғаш ұсталғанда, одан кейін уақытша ұстау изоляторында болғанын анықтадық. Кейін тергеу изоляторына ауысқан соң ұрды-соқты деген шағым болмады.  Қазір Алматы прокурорларымен 12 полиция қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол іс Антикордың өндірісінде қаралып жатыр,-деді А. Құспан.

Айта кетсек, Аманат қоғамдық комиссиясы қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз ұсталған азаматтарды анықтап, оларды қамаудан шығаруға бағыттталған.

Өзгелердің жаңалығы